FlyArystan жолаушылары Алматы әуежайында бүлік шығарды (ВИДЕО)
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Ұшаққа кешігіп келген FlyArystan әуе компаниясының жолаушылары Алматы әуежайының техникасын қиратты, деп хабарлады turkystan.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Кадрлардан жолаушылардың рейске тіркеу орнын қоршап тұрғанын, кейбіреулердің айқайлап, құрал-жабдықтарды сындырып жатқанын көруге болады.
"19 тамыз күні Алматы әуежайында FlyArystan әуе компаниясының жолаушыларымен келеңсіз оқиға болды. SMS-хабарламадағы қатенің салдарынан жолаушылар KC 7053 рейсіне кешігіп қалған. Сол себепті жолаушылар әуежайда тәртіпсіздік тудырып, әуежай мүлкін бұзып, авиакомпания қызметкерлеріне заттарды лақтырған. Әуе компаниясы өз қатесін мойындап, келтірілген шығынды өтеп берді", – делінген желідегі видеоның сипаттамасында.
FlyArystan әуе компаниясы видеоға қатысты пікір білдірді.
"Бейнежазбадағы жолаушылармен болған жанжал шешіліп, олар келесі рейстермен Астанаға аттанды. Алайда әуе компания жолаушылардың деструктивті мінез-құлық үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді", – делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Krispi Media | Новости Казахстана и Мира (@kris.p.media)