Жаңалықтар

Қыдырәлі мен Қарақат «күміс тойға» жетті

фото: әлеуметтік желі

Қазаққа кеңінен танылған Қыдырәлі мен Қарақат «күміс тойларын» атап өтті.

Жұлдызды жұптың отбасы құрғандарына 25 жыл толған. Бұл туралы Қыдырәлі Болманов желідегі парақшасында жазды.

«Алланың қалауымен 20 тамыз Алматы орталық мешітінде ақ некемізді қиғызып, сол күні үйлену тойымды өткіздім. Күміс тойға аман-есен жеткізіп, Қақатымның мойнына күміс алқа тақты. Отан берген, отбасымды бақытқа толтырып, перзенттер берген, адал жар берген ерекше мейірімді Аллаға сансыз мадақтар болсын!», - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары болса сүйікті әншілеріне жақсы тілектерін жаудырып жатыр. Біз де бақыт тілейміз!