Қатерлі ісікке қарсы сабын ойлап тапқан: Time журналы 15 жастағы баланы "Жыл баласы" деп таныды
Хеман химияға алты жасынан қызығушылық танытқан, ол кезде ол Эфиопияда өмір сүрген және адамдарды күннің зиянды әсерінен қорғауды армандаған.
Time журналының нұсқасы бойынша 2024 жылдың «Жыл баласы» атағын тері қатерлі ісігіне қарсы сабын ойлап тапқан 15 жасар америкалық Хеман Бекеле жеңіп алды.
Хеман химияға алты жасынан қызығушылық танытқан, ол кезде ол Эфиопияда өмір сүрген және адамдарды күннің зиянды әсерінен қорғауды армандаған.
Оның ойлап тапқан әдісі – сабынға қатерлі ісікке қарсы крем қосу. Осы идеямен жас ғалымдар байқауында жеңіске жетіп, 25 000 доллар (шамамен 2,2 миллион теңге) көлемінде сыйақы алды.
Қазіргі уақытта Хеман микробиологпен бірге сабынды тышқандарға сынақтан өткізіп, өз арманының жүзеге асуына жақындап келеді.