Жаһан

Испанияда ойнап жүрген баланы пышақтап өлтірген бетперде киген ер адам іздестіріліп жатыр

сурет: RTVE

Отбасының атынан сөйлеген баланың туысы БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, қайғылы оқиғаға кінәлі адамның кім екені жайында ешқандай күдік жоқ екенін айтты.

Испанияның Толедо провинциясында 11 жастағы баланы пышақтап өлтірген бетперде киген ер адам іздестіріліп жатыр. Қайғылы оқиға жексенбі күні таңғы сағат 10 шамасында Мосехон қаласындағы жергілікті спорт орталығында болған. Бала достарымен футбол ойнап жүрген кезде белгісіз ер адам үш балаға шабуыл жасаған.

Шабуыл жасаған адам оқиға орнынан қашып кеткен. Төтенше жағдай қызметі келгенде, баланың жүрек-өкпе қызметі тоқтаған. Дәрігерлер тек оның қайтыс болғанын растады. Испанияның ұлттық полициясы қылмыскерді табу үшін 12 патрульдік топ пен тікұшақты қосқан іздеу операциясын бастады.

Баланың денесі Толедодағы Сот медицинасы институтына сараптама жасау үшін жеткізілді. Қалада үш күндік қаралы күн жарияланды.

Марқұмның туыстары, қала тұрғындары және балалар Мосехон қаласының әкімдігі алдында жиналып, қайтыс болған балаға құрмет ретінде үнсіздікпен бір минут өткізді.

Отбасының атынан сөйлеген баланың туысы БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, қайғылы оқиғаға кінәлі адамның кім екені жайында ешқандай күдік жоқ екенін айтты.