Білім грантын иеленбегендерге қосымша мүмкіндіктер пайда болды

19 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
istockphoto.com
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.

Call-орталығы арқылы сіз қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала аласыз, деп хабарлады turkystan.kz.

«2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді», - делінген министрліктің хабарламасында.

Байланыс нөмірлері:

8(7172) 69-50-69

8(7172) 69-52-92

8(7172) 69-50-71

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма, 09:00 - 18:00

Тэгтер:

министрлік білім гранты талапкер