«Денесінде жарақаттар бар»: Өскемен қаласының шетінде әйелдің мәйіті табылды
Әйелді өлтірген күдікті әлі табылған жоқ.
13 тамыз күні Өскемен қаласының шетіндегі саяжайлардың бірінен 45-50 жастағы белгісіз әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты yk-news.kz басылымына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, денеде көрінетін дене жарақаттары болған.
- Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды, - деп толықтырды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Әйелді өлтірген күдікті әлі табылған жоқ.
Оқиғаның егжей-тегжейі тергеу әлі жүргізіліп жатқандықтан, жария етілмейді.