Қоғам

«Анасы жақында қайтыс болған»: Жетісу облысында баланың денесін үтікпен күйдірген

instagram/ermek_moldakul

Зардап шеккен бала мен оның әпкесі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында бір айға жуық тұрған.

Талдықорғанда баланың денесін үтікпен күйдірген. Бұл туралы Төтенше жағдай туралы облыстық балалар омбудсмені Ермек Молдақұл иәлім етті.

Оның айтуынша, зардап шеккен бала мен оның әпкесі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында бір айға жуық тұрған.

Балаға нақты кім қатыгездік жасағаны және оның жасы нешеде екені белгісіз. Анықталғандай, жәбірленушінің анасы жақында қайтыс болған.

Ал полиция бұл фактіні анықтап жатыр.

«Ананың қайтыс болуына байланысты қорғаншылық органдарымен тиісті құжаттар әзірленіп, кішкентай балалар әжесіне берілді. Қазіргі таңда Талдықорған қалалық полиция бөлімі жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.  Балалардың құқықтарын қорғау және оларға қатысты әрекеттер бақылауда», – деп жазды Модақұлов.