Астанада екі автобустың жүру бағыты өзгерді

19 тамыз, 2024 / Админ
фото: vovdi.ru
Қабанбай батыр даңғылындағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі автобустың жүретін бағыты өзгерді. Бұл уақытша шара.

«Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №18 және №37 автобустардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді»-делінген City transportation systems (CTS) хабарламасында.

Енді бұл автобустар Тұран даңғылы арқылы өтеді.

 

 

Тэгтер:

жол жөндеу