Жаңалықтар

Жазғы Паралимпиадаға елімізден 44 спортшы барады

фото: globallookpress.com © Julien Mattia

10 күннен кейін Парижде XVII Жазғы Паралимпиада ойындары басталады.

Биыл Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болған. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

«Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара ату,пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленді. Жалпы 44 спортшы Парижге барады. Айта кету керек, каноэде есу (әйел), үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алдық»,-делінген баспасөз хабарламасында.