Алматы облысында экскаватор жүргізушісі өзенге құлап кетті

19 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
ТЖМ
Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.

Алматы облысында экскаватор жүргізушісі құтқарылды.

ТЖМ мәліметінше, Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватордың жолдан өзенге аударылуына жол берді.

Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.

Тэгтер:

Алматы облысы жүргізуші өзен