Жаңалықтар

Нариман Құрбанов қыркүйекте қазақ қызымен отау көтермек

Instagram.com/1tvkz

Париж олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль еншілеген Нариман Құрбанов қыркүйекте қазақ қызына үйленбек.

Спортшының таңдауы Аида Бауыржанқызы есімді аруға түскен.

«Аида екеуміз 2018 жылы таныстық, содан бері жұбымыз жазылмай келеді. Сүйіктім де гимнаст. Екеуміз бірге спорт әлемінің биігін бағындырамыз. Қыркүйекте өміріміздің жаңа парағын ашамыз. Сол күнді асыға күтіп жүрмін»-дейді спортшы.

Қос ғашыққа бақыт тілейміз! Махаббаттары баянды болсын!