Қоғам

Петропавлда әйел адам 2 жасар ұлымен бірге үш айдан бері табылмай жатыр

instagram.com/skopetro

21 жастағы Анастасия Давыдова мен оның екі жасар ұлы Артем үш айдан бері іздестіріліп жатыр

Петропавлда әйел адам сәбиімен бірге үш айдан бері із-түзсіз жоғалып кетті.

21 жастағы Анастасия Давыдова мен оның екі жасар ұлы Артем үш айдан бері іздестіріліп жатыр.

Олар 2024 жылдың 14 мамырында үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар жоқ.

Әйел адамның белгілері: бойы – 165 см, көзі – көкшіл-жасыл, шашы – қызыл. Баланың белгілері: бойы – 85 см, көзі – қоңыр, шашы – ашық аққұба.