Жаңалықтар

«Күнде сыра ішемін»: 100 жастағы әже ұзақ өмір сүру құпиясын бөлісті

Видеодан алынған кадр

Достары мен туыстарының айтуынша, Роджерс әлі де белсенді өмір салтын ұстанады, тамақ пісіруді және бау-бақша өсіруді ұнатады

АҚШ-та 100 жастағы әйел ұзақ өмір сүрудің құпияcын бөлісті, деп жазады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Анахайм тұрғыны Мэри Энн Роджерс 100-ге толды. Жасына қарамастан, америкалық әйел жүргізуші куәлігін жаңартып, соның құрметіне арналған кешке көлік айдап келген.

Достары мен туыстарының айтуынша, Роджерс әлі де белсенді өмір салтын ұстанады, тамақ пісіруді және бау-бақша өсіруді ұнатады.

Өзінің ұзақ өмірінде Роджерс 11 баланы дүниеге әкелген. 19 жасында ол Америка Құрама Штаттарының әскери-теңіз күштерінде әскери борышын өтеді. Екінші дүниежүзілік соғысына да қатысқан.

Роджерстен ұзақ өмір сүрудің құпиясы неде екенін сұраған кезде “Күнде кешкі 5-те сыра ішемін” деп жауап беріпті.