Ақтөбелік депутат Демеу Жадыраев пен бапкеріне 10 миллион теңгеден табыстады
Бұл туралы Ербол Сейілхан желідегі парақшасында жазды
Ақтөбелік депутат Марат Қойлыбаев Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен бапкері Боранбек Қоңыратовқа 10 миллион теңгеден табыстады. Бұл туралы Ербол Сейілхан желідегі парақшасында жазды.
"Марат Қойлыбаев ағам мәрт екен. Ұлт жанашыры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Қойлыбаев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа сый-сыяпатын жасады. Демеудің жеке бапкері Боранбек Қоңыратовты да ренжітпепті. Оған да 10 миллион берді. Міне, алаштың бір ұлы деп қолдап, қолтықтан демейтін осындай жөн, жол білетін ел ағалары көп болсын", - деп жазды ол.