Қоғам

Жамбыл облысында қаза тапқан көпбалалы полицейдің жерлеу рәсімі өтті

orda.kz

Ғалым Арыстанбеков жамбылдықтарға жақсы таныс. Оның отбасы өздерінің 3 баласынан бөлек, тағы 8 баланы балалар үйінен асырап алып, кейін “100 жаңа есім” жобасына қатысқан

Күні кеше ғана Меркі ауданына қарасты Тәтті ауылының маңында Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртке оранды. 25 жастағы Тойота Альфард автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Шкода Октавия патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан, деп жазады turkystan.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері және Toyota Alfard көлігінің төрт жолаушысы көз жұмды. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл облысындағы 6 адамның өмірін қиған жол-көлік апатынан қаза тапқан полицейдің бірі “100 жаңа есім” жобасының екінші кезеңінің жеңімпазы, 11 баланың әкесі 46 жастағы Ғалым Арыстанбаев екені мәлім болды.

Ғалым Арыстанбеков жамбылдықтарға жақсы таныс. Оның отбасы өздерінің 3 баласынан бөлек, тағы 8 баланы балалар үйінен асырап алып, кейін “100 жаңа есім” жобасына қатысқан.

Көпшілік дауыспен жобаның екінші кезеңінің жеңімпазы атанған болатын. Сондай-ақ Арыстанбаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының да финалисі болған.