Маска киген жігіт баспанасы суға кеткен 34 отбасыға үй сыйлады
Сонымен қатар ол баспана қай өңірлердің тұрғындарына берілгенін атап өтті
Бұл туралы желідегі парақшасында мәлім етті, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
"Кешіріңіз, апа. Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой!? Рұқсат болса, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар", – дейді ол.
Сонымен қатар ол баспана қай өңірлердің тұрғындарына берілгенін атап өтті.
"Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы", – дейді жомарт жігіт.