Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

17 тамыз, 2024 / Ақмарал Берекет
istockphoto.com
18 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" республика аумағының көп бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтілетінін ескертті.

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде солтүстік-батыс циклоны ауа-райының тұрақсыздығын сақтай отырып, синоптикалық жағдайды қалыптастыруды жалғастырады: жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтілуде, солтүстік жартысында бұршақ жаууы мүмкін.

Нөсер жаңбыр 19 тамызда солтүстік-батыста, 18-19 тамызда солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста болады деп күтіліп отыр.

Тэгтер:

ауа райы болжам