Ішінде бала болған: Қостанай облысында үш көлік соқтығысты

17 тамыз, 2024 / Дана Ізтілеуова
Қостанай облыстық ТЖД
Зардап шеккендер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды

Кеше түнде Қостанай облысының Новонежинка ауылында екі жүк көлігі мен бір жеңіл көлік соқтығысты.

№15 Әулиекөл өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Аслан Бәйгөбенов оқиғаның куәгері болды. 

Нәтижесінде ол үш адамды, оның ішінде бір баланы құтқаруға көмектесті. 

Зардап шеккендер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Тэгтер:

Қостанай облысы