Блогер Амилай 2028 жылы өтетін Олимпиадаға барғысы келетінін айтты
Трансгендер саналатын блогердің ұл бала болып жүрген балалық шағында бокспен айналысқаны белгілі болды
Қазақстандық блогер-трансгендер Амилай Баймұратова боксқа оралып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысқысы келетінін айтты, деп жазады turkystan.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.
Трансгендер саналатын блогердің ұл бала болып жүрген балалық шағында бокспен айналысқаны белгілі болды. Қазір осы спорт түріне қайта оралып, әйелдер құрамасында өнер көрсеткісі келетінін айтты.
«Мен еліме алтын медаль әкелемін. Елім мені алтынмен аптайтын болады», - дейді Амилай Баймұратова.