Спорт

Өзбекстанның бас бапкері: «Бізге қазақ боксшыларының мықты болғаны керек»

sports.kz

"Қазақстанда маған қарағанда тәжірибелі жаттықтырушылар жетерлік" дейді ол

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев "Қазақстан боксшыларының мықты болғаны – өзбек боксшыларына пайдалы" екенін айтты.

«Қазақстандық боксшыларға немесе жаттықтырушылар штабына ешқандай кеңес бере алмаймын. Қазақстанда маған қарағанда тәжірибелі жаттықтырушылар жетерлік. Мен әрқашан Қазақстанға мықты команда болуын тілеймін. Бәсекелестік жоғары болу үшін бізге қазақ боксшыларының мықты болғаны керек. Сонда нәтиже болады», – дейді ол.