Астанада 13 жастағы жасөспірім операция кезінде қайтыс болды

17 тамыз, 2024 / Ақмарал Берекет
istockphoto.com
Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында

Астана қаласында операция кезінде 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды.

Бүгінде оқиғаға байланысты қызметтік тергеу, оның ішінде сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен жасөспірімнің ата-анасына көңіл айтқым келеді. Бүгінде қызметтік тергеу, оның ішінде сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның негізінде біз ресми хабарлама береміз.

Бұл қатерлі гипертермиялық реакция өте сирек кездеседі. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай солай болды, – деді дәрігер.

Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Олар медициналық сараптама нәтижелерінен кейін қосымша ақпарат беруге уәде берді.

Тэгтер:

Астана операция