Қоғам

Нұрлан Қоянбаев бір күнде 2 тонна қарбыз сатып алды (ВИДЕО)

Белгілі актер жаңа челлендж бастады.

Комедия жанрында фильмдер түсіріп жүрген продюсер әрі актер Нұрлан Қоянбаев жол бойындағы сатушы келіншекті қуанышқа бөледі, деп жазды turkystan.kz.

Актер Түркістан қаласына жақын тас жолда кетіп бара жатып, жол жиегінде қарбыз-қауын сатып тұрған келіншектің жанына тоқтаған. Ол сатушы әйелдің жағдайын және сауда қарқынын сұрап бірнеше минут әңгімелескен.

«Саудаңыз жүрсін. Сізге қолдау білдіргім келіп тұр. Айтыңызшы, мына сатып тұрған қарбаздарыңыздың барлығы қанша тұрады?», - деген Нұрлан Қоянбаев келіншектің каспий номеріне 200 мың теңге аударып жіберген.

Бұдан бөлек ол арнайы видео түсіріп, осындай еңбекқор жандарды қолдауға шақырды.

«Бүгін 2 тонна қарбыз сатып алдық! Жақсылық жасап, жарысайық», - деп жазды актер әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, әзірге продюсердің бұл челленджін кім іліп әкетері белгісіз. Өйткені, видео әлеуметтік желіге осыдан екі сағат бұрын ғана жүктелген.