Қоғам

Мұғалжар ауданында 2 жұмысшы кәріз тазалау кезінде қайтыс болды

istockphoto.com

Қаза тапқан екі ер адам да 1966 жылы туған.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында кәріз тазарту кезінде екі адам қаза тауып, тағы екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, марқұм екі ер адам да 1966 жылы туған. Жұмысшылар жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті.

«Метан газымен уланған екі зардап шеккен адамды (1978 және 1971 жылы туған ер адамдар) 103 бригадасы Ембі аудандық ауруханасына жеткізді. Соматикалық бөлімшеге жатқызылды, дезинтоксикациялық терапия жүргізіледі. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Гемодинамика тұрақты», - деп атап өтті ведомствода.

Полиция істі ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 4-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша тергеп жатыр.