Жаңалықтар

Нариман Құрбановқа автокөлік сыйлады

Allur баспасөз қызметі

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа қазақстандық Allur автокөлік компаниясы темір тұлпар мінгізді.

Компания басшылары оған Skoda Kodiaq көлігін сыйлаған.

«Нариманды қолдай алғанымызға қуанамыз. Бұл көлік оның жаңа белестерге жетер жолда сенімді серігі болады деген үміттеміз»-дейді Allur компаниясының өкілі Станислав О-Юн-Бем.

Өз кезегінде Нариман да алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

«Отандық компания жеңісімді осылай бағалағанына ризамын. Бұл сыйлық мен әрі қарай дамуға, жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады»-деді спортшы.