Жаңалықтар

Павлодарда алюминий зауытының екі қызметкері күйіп қалды

istockphoto.com

Жазатайым жағдай 15 тамыз күні түнде орын алған.

«Алюминий Қазақстан» АҚ гидрометаллургиялық цехындағы жұмыс кезінде екі жұмысшыға сілтілі ерітінді төгілген. Бірі реанимацияда жатыр.

«Зардап шеккен қызметкерлер қалалық ауруханаға жеткізілді. Бірі жалпы палатада емделіп жатыр. Екінші қызметкер реанимацияда. Оларға қажетті барлық көмек көрсетіледі. Компания қажетті дәрі-дәрмекті сатып алды. Реанимациядағы қызметкерге күйік шалғанда қолданылатын арнайы кереует сатып алынды»-делінген зауыт хабарламасында.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендерді 2-3 дәрежелі күйік шалғанын хабарлады. Реанимациядағы қызметкердің денесінің 65% күйіп қалған, ал әріптесінің денесінің 5% күйген.