Жаңалықтар

Өз қызын зорлаған тұтқын түрмеде өз-өзіне қол салды (фото)

istockphoto.com

Оралдағы №27 абақтыда тұтқын өз-өзіне қол салды. Оқиға 13 тамыз күні орын алған.

Қазір ҚР ҚК «Өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды uralskweek.kz. 

Ринат Байсаков, 46 жаста. 2023 жылдың шілдесінде өзінің 15 жастағы қызын зорлағаны үшін 20 жылға сотталған. Ал қызы Амина одан бір жыл бұрын жүріп келе жатқан пойыздың астына түсіп, көз жұмған. Қыз аяқ астынан жүгіріп шыққанда, пойыз машинисінің тоқтауға мүмкіндігі болмаған, үлгермеген. Бұл сұмдық оқиға жайлы қыздың анасы Анастасия баяндады.

Өлерінде жасөпірім бір жапырақ хат қалдырған. «Бәрің сау болыңдар. Мен енді жоқпын. Бұған жауыз әкем кінәлі. Ол мені зорлап, үндемеуге мәжбүрледі»-деген.

Осы хаттан кейін қылмыстық іс қозғалып, Ринат Байсаковтың үйін тінткенде компьютерінен қызына зорлық жасаған кезінде түсірілген видео табылған.

Аминаның ата-анасы алты жыл бұрын ажырасып кеткен. Сот шешіміне сәйкес қызды 9 жасынан бастап әкесі демалыс күндері алып кетіп тұрған.

«Ол сот шешімі бойынша қызын алып кетіп тұрды. Мас кезінде зорлады деп ойлаймын. Қатты ішетін. Қызым маған ештеңе айтқан емес. Әкесі қорқытқан. Қызым мейірімді, ақкөңіл, ақылды бала болатын. Жақсы оқыды, суретті өте жақсы салатын. Кітап оқығанды, велосипед тепкенді ұнататын»-дейді анасы.