Дәрігерлер коронавирус жұқтырмас үшін маска киіп, антисептик қолдануға кеңес береді
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше қазір елде респираторлық вирустар жүріп жатқаны байқалады.
Оның ішінде коронавирус та бар. Жыл басынан бері 1290 адам коронавирус жұқтырған. Адам өлімі жоқ. Бұл вирустың жеңіл формада өтіп жатқанын көрсетеді.
Бас санитар «2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымға орай тұмау, өткір респираторлық вирустық инфекциялар, коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-профилактикалық шаралар жүргізу туралы» қаулыға қол қойды.
Ол келесідей шараларды қамтиды:
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
Медициналық ұйымдарда кіреберісте «сүзгі» қызметін ұйымдастыру, маска пайдалану, антисептиктердің болуы;
Жүкті келіншектер мен бір жасқа толмаған баласы бар үйлерге бірінші қызмет көрсету.