Жаңалықтар

Түркістан облысының шенеуніктері 8 млн теңгеден астам қаражат ұрлаған

istockphoto.com

Түркістан облысының прокуратурасы Қазынашылық департаментіндегі заң бұзушылықтарды анықтады.

«Лауазымды тұлғалар «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ бухгалтерлерімен бірлесе отырып, КММ штат санын негізсіз көбейту арқылы 8 млн теңгеден астам қаражат ұрлаған»-делінген баспасөз хабарламасында.

Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу фактісі бойынша материал Сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізілімінде тіркелген. Тергеуді Түркістан облысының Экономикалық тергеулер департаменті жүргізіп жатыр.