Жаңалықтар

Күзде ауа-райы қандай болады – синоптиктер болжамы

istockphoto.com

Қазгидромет синоптиктері күзде Қазақстанда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Қыркүйектің алғашқы он күндігінде жылы ауа-райы сақталады. Одан кейін табиғат жиі құбылып, елдің басым аймағында ауа-райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын, жел, тіпті солтүстік өңірлерде минус 1-7°С дейін қара суық болуы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде ғана жылы ауа-райы сақталмақ. Былтырғыға қарағанда республика бойынша ауа-райы салқын болады дейді синоптиктер.