Жаңалықтар

Айжан Байзақованың бауыры ұсталды

Бүгін Алматы мен Шымкентте Дикий Арманның ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен 15 адам ұсталды.

Бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олардың қатарында атақты Айжан Байзақованың бауыры, блогер Әлихан Байзақов та бар. Бірақ Алматы ПД оның куәгер ретінде ұсталғанын хабарлады.

«Аталған тұлға полицияға куәгер ретінде жеткізілді. Тергеу жүргізілгеннен кейін босатылды»-делінген хабарламада.

Әлихан Байзақовтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында ұйымдасқан қылмыстық топқа ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеген.