Жаһан

Түркияға барған шетелдіктерден саусақ іздері алынады

Түркия енді елге кірген шетелдіктердің саусақ іздерін алып отырмақ. Бұл туралы ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеді.

АҚШ пен Англияда елге кірген шетелдіктердің саусақ іздері алынады. Түркия да осы тәжірибеге көшпек. Ал Түркияда тұрақтап қалғысы келетін шетел азаматтары нотариус арқылы тұруға рұқсат ала алады.

Сондай-ақ оқуға келген шетелдік студенттер көші-қон басқармасына бармай-ақ, университет арқылы резидентураға құжат тапсыра алады.