Жаңалықтар

Мәсімовтің күйеу баласы неге іздестіріліп жатқаны белгілі болды

Антикор

Іздестіріліп жатқан адам туралы ақпарат хабарлағандарға сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздеп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Қапенов Азамат Абайұлы 12.04.1978 жылы туған. Ол Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы,.

Бұлтартпау шарасы – «Қамауда ұстау». Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электрондық поштаға жазыңыз kb.vko@antikor.gov.kz).

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.