Айнұр Тұрсынбаева ажырасып, бір-бірін айыптап жатқан блогерлерге ақылын айтты
Кешелі бері қос блогер Нұрсұлтан Жақсыген мен Фариза Алмасқызы әлеуметтік желідегі парақшаларында бірін-бірі айыптап жатыр. Араларында екі бала болса да бұрынғы жұбайлар бет көріспестей болып кеткен.
Фариза ата-енесінің түртпегіне шыдамағанын айтса, Нұрсұлтан келіншегінің келін болып иілмегенін айтады. Осы орайда айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева жастарға ақылын айтты.
«Шындап келгенде екеуің де ел қызығатын жанұя едіңдер, екеуіңе шайтан ағузубиллях білгенін істетіп жатыр. Ақыл айтып отырған жұрттың дымы кетпейді, бала шағамыз аман, байымыз қасымызда... Қиналып жүрген екеуің, осы екеуіңнің жүректеріңе түскен салмақ ертең 2 балаға түседі! Нұрсұлтан ұятсыз, Фариза тәрбиесіз , әке шешесі жаман деп айтып жатқандап отқа май құйып рахаттанып отыр. Шындығында сен Фаризадан артық қатын таппайсың, Фариза сенен артық күйеу таппайды! Мынадай тәтті балапандардың қылығын мың қатын тауып бермейді саған! Шайтанға әскер болып, Алланы ашуландырмай барып иіл! Әйелдің тілін табу оңай! Бір алтын тағып, бір гүл апарсаң жайнап шыға келеді! Ерегісіп елге күлкі болмаңдар! Инстаграм қоқыс алаңы! Бұл жерде досыңнан дұшпаның көп! Отбасының абыройын осы жерге әкеп төгіп жатырсыңдар. Қаптаған пабликтер шулатып жазып жатыр. Интернет - тарих! Ертең бала-шағаң ер жетіп осы бықсыған әңгімені оқитын болады! Балалардың болашағын талқандап отырсыңдар! Мықтылық деген әйелді жеңу емес! Мықтының мықтысы ғана отбасын сақтап қалады! Қатын құсап пост жазып, анау ана жақтан, сен мына жақтан абыройсыз боп отырсыңдар. Попкорн алып ерігіп отырған біз қызық кино көріп отырмыз! Енді осы киноны happy end-пен аяқтап жіберіңдерші, уфф деп демалайық біз де. Сәттілік!»-деп жазған ақын.