Жаңалықтар

Өзбекстанға бару үшін енді паспорт қажет болмауы мүмкін

istockphoto.com

Қазақстан мен Өзбекстан арасында азаматтардың жеке куәлігін өзара тану бойынша келіссөз жүріп жатыр.

Көршілес өзбек еліне баратын отандастарымыз үшін алдағы уақытта паспорт қажет болмауы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz сайты Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында азаматтардың жеке куәлігін өзара тану бойынша келіссөз жүріп жатыр.

«Бұл туралы Өзбекстан президентінің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі мәлімдеді. «Орталық Азия елдері арасындағы шекара достық пен тату көршілік көпіріне айналды. Өткен жылдың қыркүйегінен бері тұрғындар жеке куәлікті көрсету арқылы өзбек-қырғыз шекарасын кесіп өте алады. Енді осындай ереже Қазақстанмен де талқыланып жатыр», - деді ол.

Жуырда өткен Астана саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Орталық Азия елдеріне ұлттық жеке куәліктерді өзара тануды ұсынған болатын. Бұл көрші мемлекеттердің туризмді дамытуына оң септігін тигізеді.