Спорт

Париж Олимпиадасының 3 жүлдегерінен коронавирус анықталды – министрлік

Туризм және спорт министрлігі

Құрамадағы 3 жүлдегер мен 2 бапкерден COVID-19 вирусы анықталды.

Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп Париж олимпиадасының жүлдегерлері және бапкерлер елге коронавирус жұқтырып келгенін мәлімдеді.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүлдегерлермен кездесуі кейінге қалдырылды.

 «Құрамадағы 3 жүлдегер мен 2 бапкерден COVID-19 вирусы анықталды. Олардың ПТР-тестілері оң нәтиже берген. Қазіргі уақытта олар оқшауланған. Ем қабылдап жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейміз. Команданың өзге өкілдерінен вирус анықталған жоқ», - деді Диас Ахметшәріп.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарында 7 медаль еншілеп, жалпы есепте 43-орынға жайғасты.