Жаңалықтар

«Су беріңдерші»: Президентке өтініш айтқан бала жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

instagram/adilbaltabayev

Өнерпаз бала Президенттен Мәдениет үйіне су толтырылған кулер қойса екен деп сұраған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары алдында Шахтерское ауылында тұратын Николай есімді музыкант  баланың тілегі орындалды.

«Президент облысқа келіп, «Бүгін менің көңіл-күйім тамаша. Міне, жанымда облыс әкімі тұр. Не сұрасаң да бәрін береміз. Оны облыс басшысына тапсырамын» десе не сұрайтын едің», - деп сұрақ қойды журналист балаға.

Өнерпаз бала Президенттен су толтырылған кулер сұраған.

Президент келсе біздің Мәдениет үйіне су толтырылған кулер қойса екен деп сұрар едім, - дейді бала. 

Әлеуметтік желі қолданушылары баланың таза жүрегі мен арманына тәнті болды. 

«Алдымен су беріңдерші» деді ғой», «Жаным-ау, тәттісін-ай», «Коляның арманы орындалған шығар», «Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ», «Баланың жүрегі таза ғой», «Халқын ойлап айтқаны», - деп жазған олар. 

Кейін тілші Әділ Балтабаев Николайдың арманы орындалғанын, Мәдениет үйіне кулер қойылғанын көрсетті.