Қоғам

«Мырзағали Айтжановты құрбандыққа шалдық»: бас бапкерді қорғаушылар саны көбейіп жатыр

фото: olympic.kz

Кеше бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен құраманың тағы тоғыз бапкері жұмыстан шеттетілген болатын. Бұл жағдай Париж Олимпиадасымен тікелей байланысты болып отыр.

Себебі Олимпиада кезінде көпшілік қазақ боксының құрдымға кеткенін, федерация басына қара бұлт үйірілгенін, оған тікелей бас бапкер Мырзағали Айтжанов кінәлі екенін айтып жатты. «Айтжанов өз амбициясының құрбаны. Бас бапкердің өз жұмысын көрсетуі үшін өте көп уақыт пен мүмкіндік берілді. Бірақ нәтиже шығара алмады» деген еді.

Енді желі қолданушылары бас бапкердің жұмыстан қуылуына наразылық білдіріп, оны қорғап жатыр.

«Пайладанып-пайдаланып, лақтыра салдық.  Федерация Мырзағали Айтжановты құрбандыққа шалды. Ақылдасу, сұрау, пікірін білу жоқ. Буллингтің көкесі сұмдық. Бокстағы былыққа тек бапкерді кінәлау дұрыс емес. Осы саланы қаржыландырып, басқарып отырғандар бар емес пе? Соларды жауапқа тарту керек. Париж олимпиадасынан кейін бір қорытынды жиын болмады. Тараптардың уәжі тыңдалмады. Қоштасқанның өзінде бүгінге дейін жасаған еңбегін елеп-ескеріп, арқасына шапан жауып, қазақтың жөн-жоралғысымен шығарып салуға болмас па еді? Сыртынан бұйрық шығарып, инстаграм арқылы алып тасаймыз. Оны ол үйінде жатып біледі. Бұдан кейін бізді кім сыйлайды? Көрші елдерге күлкі болып жатырмыз. Сыртынан шешім шығару дұрыс емес. Бәрін жинап,сыпайы түрде, әдемі шығарып салуға болатын еді ғой»-дейді ашуланған оқырман.