Ұлттық банк Қазақстандағы бизнестің басты кедергілерін атады
Ұлттық банк кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізіп, елімізде бизнес жүргізуге кедергі болып отырған факторларды анықтаған. Сауалнамаға 3401 кәсіпорын қатысқан.
Қатысушылардың 29,6% -ы негізгі кедергі ретінде экономикалық ахуалды, 29,5%-ы нарықтық бәсекені, 28,8%-ы салық мөлшерін, 27,3%-ы білікті кадрлардың жетіспеушілігін, 25,0%-ы клиент табу мәселесін айтқан. Ал 17,3%-ы лицензия мен рұқсат алудың қиындығын, 14,4%-ы дебиторлық берешекті қайтарудың қиындығын атаған.