Жаңалықтар

Маймыл шешек вирусына байланысты төтенше жағдай жарияланды

фото: ғаламтор

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешек вирусының (м-рох) кең таралуына байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялады. Вирус қазір Африкада күшейген. Әсіресе Конго республикасында м-рох вирусын жұқтыру фактілері жылдан жылға көбейіп келеді.

«Былтырғы жылмен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны өсіп, қазір 14 мыңнан асқан. 524 адам қайтыс болған»,-делінген ДДҰ хабарламасында.

Вирус таралмас үшін денедегі бөртпені қасуға, қол тигізуге, киген киім, жатқан төсек-орын, қолданған сүлгілерді ұстауға болмайды. Вирустың алғашқы белгілері 5-21 күнде пайда болады. Температура көтеріліп, бас ауырып, арқа мен бұлшық ет ауырсынып, дене ісініп, қалтырайды. Бұл ауру вирусқа қарсы препараттармен емделеді. Дұрыс емделсе науқас бірнеше аптада айығады.