Қостанайлық фермер 1 млрд теңге жымқырған
Облыста мұндай заң бұзушылық бірнеше рет анықталған.
Қостанай облысында шаруа қожалығының басшысы нақты орындалмаған жұмыстар үшін жалған шот-фактуралар толтырған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
«2022 жылы Қостанай облысының аумағында 6 контрагентке 1 млрд теңгеден астам сомаға шот-фактура толтырылған. Нақты жұмыстар орындалмаған, қызметтер көрсетілмеген. Осылайша контрагенттердің мемлекет қазынасына төлеуі тиіс 200 млн теңгеден астам салықтан жалтаруына жол берген»-деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.