Жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаевқа кептердің ұясын сыйлады (ВИДЕО)

instagram/m_besbaev

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

МузАрт тобының мүшесі, белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев әріптесінен ерекше сыйлық алды. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Видеода радио директоры эстрада жұлдызына кептер ұясын сыйлап жатқанын көруге болады. Мейрамбек Бесбаев ерекше тосынсыйға таңғалысын білдіріп, эмоциясын жасыра алмады.

«Радиомыздың директоры Айжан Нұразханның ойламаған жерден жасаған сыйлығы. Аспанымыз ашық, бейбітшілік мәңгі болғай», - деп жазды әнші.