Алып қашқан: Абай Бегейдің 9-сынып бітірген қызы тұрмысқа шықты
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі қыздың бар болғаны 16-да ғана, тым жас екенін айтса, енді бірі «Анасы болса рұқсат бермес еді, әлі бала ғой» дейді.
Танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы Сымбат ақ келін атанды. Сымбаттың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты сәтінің суреттерімен бөлісті.
Абай Бегейдің жұбайы Фариза Жұманова бұл оқиғаның ойламаған жерден орын алғанын айтады.
«Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп ұшуға бір-ақ күн қалғанда «үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті» деген хабар жетті. Бәріміз Алматыдамыз. Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік. Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды. Әкесі: «Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей, қызымды бермеймін»-деді. Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауыл үлкендері келіп, әкесінің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкесі де өз аулымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойланып: «Келген ел – көргенді, жөні түзу, сөзі дұрыс аамдар екен. Қызымның таңдауын құрметтеймін, Алла маңдайына жазып тұрса, бағы болсын!»-деп ақ батасын берді»-дейді ол.