Жаңалықтар

Танымал блогер Нұрбек Оралбайға көлік сыйлады (ВИДЕО)

скриншот

Ал Нұрбектің ағасы Айбек Оралбай 5 млн теңгелік сертификатты тарту етті.

NNN лақап атымен танымал блогер отандық кәсіпкерлермен бірігіп, Париж Олимпиадасында бокстан күміс жүлде алған Нұрбек Оралбайға Zeekr автокөлігін сыйлады.

Желі жұлдызы жаңа көліктің кілтін табыстап жатқан видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Темір тұлпардың құны шамамен 20 млн теңгені құрайды.

Блогердің айтуынша, спортшыға бастапқыда сыйламақ болған көлік жол апатына түсіп, беруге жарамсыз болып қалған. Десе де, кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының күміс жүлдегеріне уәде еткен темір тұлпарды табыстаған.

Сонымен қатар кәсіпкерлер Нұрбектің ағасы Айбек Оралбайды да сыйсыз қалдырмады. Олар спортшыға 5 млн теңгелік сертификатты тарту етті.