Жаңалықтар

Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларына тексеру жүргізіледі

istockphoto.com

Авиация туралы заңнаманың талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Азаматтық авиация комитеті Air Astana және FlyArystan рейсінің кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты мәлімдеме жасады.

«Техникалық себептерге байланысты рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне байланысты «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ авиакомпанияларына, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдар келіп түсті», –деп хабарлды Азаматтық авиация комитеті.

Қазіргі арнайы комиссия құрылған. Сарапшылар рейстердің  орындалмауы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнама талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтайтынын түсіндіреді.

«Сонымен қатар «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ авиакомпанияларынана жоспардан тыс тексеру тағайындалды», – делінген ақпаратта.