Қоғам

«40 күн қазанға жақындатпады»: Төреғали Төреәлінің әйелі енесін мақтады

Баласы қырқынан шыққанша күтімде болған келіншек желідегі оқырмандарымен сырласты.

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі енесі оған қалай қарайтыны туралы жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz порталы Massaget.kz тілшісі.

Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын жақында ғана алтыншы баласын өмірге әкелген болатын. Алты баланың анасы қырық күн үйде қалай күтінгенін, енесі келініне ешнәрсе істетпегенін айтты. 

"Бәріне сәлем! Қалайсыздар? Шілде терімізді шығарып, 40 күн барынша күтіндік. Отбасыма Алла разы болсын. Мамам 40 күн қазанға жақындатпады. Сұрақтарыңыз жиналып қалған шығар", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.