Жаңалықтар

Жоғарғы сот қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

istockphoto.com

Кейінгі кезде сот жүйесі өкілдеріне қатысты алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткен.

Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімі азаматтарды қырағы болуға және WhatsApp, Telegram және т.б мессенджерлер арқылы алынған күмәнді сілтемелерді баспауға шақырады.

Әдетте, хабарлама әртүрлі байқауларда балаларға дауыс беруге, ұтыс ойынына қатысуға, әртүрлі тақырыптар бойынша сауалнамаға қатысуға шақырады.

«Адам сілтемені басқаннан кейін алаяқтар оның смартфонындағы немесе компьютеріндегі ақпаратқа, соның ішінде жеке кабинеттері мен байланыс тізімдеріне қолжеткізе алады. Бұл алаяқтарға азаматтың атынан хабарламалар жіберуге және қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Әдетте мұндай хабарламалардың ішінде қаржылық көмек сұрау да бар», - деп жазылған мәліметте.

Кейінгі кезде сот жүйесі өкілдеріне қатысты алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткен.

«Белгілі бір мәселелер көрсетілген және ҰҚК қызметкерінің нұсқауларын орындау ұсынылатын қоңыраулар мен SMS-тар да бар. Мұндайда күдікті банк шотындағы операциялар (соның ішінде лаңкестік топтарды қаржыландыру және т.б.) туралы хабарлап, қарапайым азаматтан арнайы операция жүргізуге көмек көрсетуді талап етеді. Бұл операция алаяқтарға несие рәсімдеу, қоңырау шалған немесе SMS жолдаған адамның депозиттік/ағымдағы шотынан арнайы шотқа ақша аудару үшін қажет. Олар қолма-қол ақшаны аудару үшін курьерді де пайдаланады», - деп жазылған хабарламада.

Жоғарғы сот тіпті жақын туыстары мен достарынан келсе де мұндай хабарламаларға жауап бермеуді ұсынады.