Жаңалықтар

Өзгерістер әлемінде: Болат Ақшолақов жаһандық әсер мен тұрақты даму туралы

kazenergy.com

Тез өзгеретін әлемде мәдени мұраны сақтау мен тұрақты дамуды қолдаудың өзектілігі артып келеді. Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы мен Дүниежүзілік клубтар федерациясының және ЮНЕСКО қауымдастығының президенті Болат Ақшолақовтың жетекшілігімен ЮНЕСКО клубтар федерациясы  осы мәселелерді шешумен белсенді айналысуда. YouTube-тағы «Podcast Aisholpan»: The Power of Inspiration» подкастының жаңа шығарылымында Болат Ақшолақов ЮНЕСКО клубтар федерациясының рөлі туралы көзқарасы ортаға салды. Ол жаһандық өзгерістер аясында пайда болатын  сын-тегеуріндерге ұйым қалай төтеп беретіні, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарына қолжеткізу үшін қандай инновациялық тәсілдер қолданылатыны туралы айтып берді.

Айта кетейік, клубтар қозғалысы 1947 жылы Жапонияда пайда болды, мақсаты- азаматтық қоғамда білім, ғылым, мәдениет және коммуникациялар саласында ЮНЕСКО-ның басты басымдықтары мен құндылықтарын ілгерілету.

Бүгінде бұл қозғалыс әлемнің 90 елінде бар және бес сыңға жуық ұйымы бар.

«Бұл осы салаларда идеялар мен құндылықтарды ілгерілетуге көмектесетін жаһандық әріптестік.  Қазақстан Федерациясы жастарға әрдайым басымдық береді. Сондықтанбіз барлық жинаған тәжірибемізді имплементациялап, әлем бойынша ЮНЕСКО клубтары қозғалысының болашақ көшбасшылары үшін берік негіз қалаймыз. .Біз, ЮНЕСКО клубтары, жер-жерлерде идеяларды белсенді қолдап, енгізіп жатырмыз», — деді Ақшолақов подкаст жүргізушісі Аружан Хафизге.

Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы Болат Ақшолақовтың жетекшілігімен айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Қазіргі уақытта Федерацияда 199 клуб пен 17 мың мүше бар, сондай-ақ 45 астам елдің қатысуымен 550 жуық іс-шараны сәтті ұйымдастырды. Сонымен қатар, бірегей халықаралық жоба, The Planet of ART жастар фестивалі іске қосылды.  Жобаға 75 мың жуық адам қатысты.

Дүниежүзілік федерацияның президенті болып сайланғаннан кейін, ЮНЕСКО-ның Жер шарының барлық аймақтарындағы қауымдастықтары мен клубтарын нығайту және дамыту, олардың жергілікті қауымдастықтардағы танымалдығы мен рөлін арттыру, жаһандық желінің жаңа мүшелерінің санын кеңейту қажеттілігі басым міндеттер ретінде айтылды. Дүниежүзілік федерацияның негізгі бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыру үшін ЮНЕСКО-мен және мүше мемлекеттердің үкіметтерімен ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылыс қосымша белгіленді.

ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының негізгі міндеті — әртүрлі елдердің мәдени және дәстүрлі ерекшеліктерін ескеретін, олардың мұраларын сақтайтын және адамзаттың ортақ мұрасын дамытатын білім кеңістігін құру. Бұған әлемдік мәдени мұра нысаны ретінде танылған Қазақстандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін мысалға келтіруге болады.

Сонымен қатар, ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда, мәдени мұраны сақтау және сапалы білім беруді қамтамасыз ету міндеттерін белсенді қолдайды. Бұл ретте сарапшы тәрбиенің қоғамның табысты дамуының негізі ретінде маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, технология мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы сияқты заманауи сын-қатерлер білім мен тәрбиеге жаңа көзқарасты қажет етеді.

«Қазіргі әлем тез өзгеруде, біз сол қарқынмен жүруіміз керек. Білім мен тәрбие болашақ ұрпақтың дамуына негіз болуы маңызды», - деді ол.

 ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы клубтары федерациясының жұмысы аясында Ақшолақов және оның командасы сапалы білімге қолжетімділікті жақсартуды мақсат етті. Олар білім беру бағдарламаларын, соның ішінде қосымша мектептен тыс және мектепке дейінгі білім беруді кеңейту бойынша жұмыстар атқаруда.

«Біз әр баланың әлеуметтік ортаға қарамастан қажетті білім алуы үшін оқу мүмкіндіктеріне тең қол жеткізуге жағдай жасауға назар аударамыз», — деп қосты ол.

Сонымен қатар, сарапшы цифрландыру және технологиялық прогресс жағдайында мәдени дәстүрлер мен ескерткіштерді сақтау, оларды қорғау және болашақ ұрпаққа беру үшін технологияларды қолдану өте маңызды екенін айтты.

Ақшолақов атап өткен қызықты жобалардың бірі - жастардың бойында экологиялық және мәдени құндылықтарды дамытуға бағытталған TURAQTY JOL бағдарламасы. Бұл бағдарлама көкөністерді үйде өсіруге арналған шағын жылыжайлар сияқты инновациялық идеяларды анықтайтын жастарға арналған конкурстар өткізеді. Бұл бастамалар табиғатты аялауға және өскелең ұрпақтың бойында мәдени құндылықтарды дамытуға көмектеседі.

ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының федерациялары мәдени мұраны сақтап, тұрақты дамуды қолдап, қазіргі заманның қиындықтарына белсенді түрде бейімделеді. Болат Ақшолақов дәстүрлер мен заманауи технологиялардың жақсы үйлесімінің маңыздылығын атап көрсетті, сондай-ақ білім беру ресурстарына тең қол жеткізу қажеттілігіне баса назар аударады. Қарқынды өзгерістер жағдайында ұйым жас ұрпаққа бейімделуге және өркендеуге көмектесетін болашаққа бағытталғаны маңызды. Бұл әрекеттер болашақ ұрпақ үшін тұрақты және теңдестірілген әлем құруға деген ұмтылысты көрсетеді.

ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары федерациясының қызметі және мәдени мұра мен тұрақты даму саласындағы өзекті бастамалар туралы толығырақ ақпарат алу үшін YouTube-те «Podcast Aisholpan: The power of Inspiration» подкастының жаңа шығарылымын тыңдауға шақырамыз. Подкаст сілтемесі барлық негізгі платформаларда ұсынылған.