Қазақстан азаматын депортациялаған неміс фермеріне 2,2 млн теңге айыппұл салынды
66 жастағы Роланд Шмидт Алленсбах қаласының маңында атқора ұстаған. 1,5 жыл бұрын жергілікті жұмыспен қамту орталығы оған 56 жастағы атбегі Олег Б. есімді Қазақстан азаматын жұмысқа жіберген.
Мемлекет жұмыскердің жалақысына 2023 жылға арнап субсидия бөлген. Бұл туралы «BILD на русском» телеграм арнасы хабарлады.
Бірақ атбегі жұмыс істеуге берілген рұқсат қағазын уақытында ұзартпағандықтан, оны Қазақстанға депортациялаған. Ал фермерге заң бұзғаны үшін 4200 еуро айыппұл салынған. Бұл 2,2 млн теңгеге жуық қаражат. Қазір тексеріс жүріп жатыр.