Жаңалықтар

Үйге кіргізіп, іш киімін шешкен: Ақмола облысында ер адам 6 жастағы қызды зорламақ болған

istockphoto.com

Бала зорланған болуы мүмкін.

Ақмола облысының Целиноград ауданында ер адам алты жастағы бүлдіршінді құрылысы аяқталмаған үйге кіргізіп, іш киімін шешкен. Оқиға 13 тамызда болған.

«ҚР ҚК 4-бөлігінің, 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытқа ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды»-деп хабарлады Ақмола облысының Полиция департаменті.