Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді
ашық дереккөзі
 Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уатқанның хабарлауынша, Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына ұсыныс қабылдау бүгіннен тоқтатылды. 40 елден 350 қазақ диаспорасының және де Қауымдастықпен тікелей байланыста жүрген халықаралық ұйымдардың (Түрік кеңесінен, Қыпшақтар қоғамынан, Әзербайжан елі Диаспорология ісі жөніндегі мемлекеттік комитеттен, Әлем моңғолдары конгресінен, Өзбекстанның Ұлтаралық мәдениет орталығынан) өкілдері шақырылады. Сондай-ақ, Алматы, Астана қалаларынан, барлық облыстардан, Үкімет, Парламент, Министрліктер, түрлі партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-ның өкілдері қатысады. Комиссияның алғашқы отырысында бұрынғы өткен Құрылтайларға қатысқан (қоғам басшыларынан басқа) адамдар шақырылмайды деп шешілді, негізінен жастар көбірек қамтылмақ», деп жазды ол өзінің фейсбук әлеуметтік парақшасында. Құрылтай Астана қаласында маусым айының 22-25-і күндері өтеді.